I педагогикалық кеңес
Тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйымдарда қауіпсіз жағдайлар жасауға қойылатын талаптарды талдау негізінде қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету»
Мақсаты:
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, қауіпсіздік талаптарын түсіндіру және тәрбиешілер мен қызметкерлердің қауіпсіздік нормаларын сақтау дағдыларын дамыту.
2026-2027 оқу жылына топтардың, педагогтардың дайындығы;
Жылдық жұмыс жоспарын талдау, бекіту;
Жазғы сауықтыру-шынықтыру шаралары бойынша мейірбике есебін тыңдау;
Өткізілген күні: 28.08.2026 жыл
Қатысқандар: 25 педагог
Қатыспағандар: 4 педагог
Төрайымы: меңгеруші А.Қ.Ахмет
Хатшы: А.Хуанар
КҮН ТӘРТІБІ:
1. Тренинг «Жылы жүрек»
Педагог-психолог З.А.Дакисова
2. Мектепке дейінгі ұйымдарда қауіпсіз жағдайлар жасауға қойылатын талаптарды талдау негізінде қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету бойынша нұсқаулықпен таныстыру.
Баяндамашы: меңгеруші А.Қ.Ахмет
4. 2026-2027 оқу жылының негізгі ерекшеліктері.
Баяндамашы: әдіскер м.а А.Хуанар
2026–2027 оқу жылына арналған құжаттарды бекіту:
Жылдық мақсаттар мен міндеттер
Оқу жоспары мен вариативтік бөлім
Ұйымдастырылған іс-әрекеттер кестесі
Перспективалық жоспарлар
Топтардағы күн тәртібі
Меңгеруші, әдіскер.
6. Педагогикалық кеңестің шешімі
---
ТЫҢДАЛДЫ:
1. Бөбекжай меңгерушісі А.Қ.Ахметтің алғы сөзі. Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтау. Күн тәртібімен таныстыру.
2. Бөбекжай психологы З.А.Дакисова педагогтарды жаңа оқу жылымен құттықтап, «Жылы жүрек» тақырыбында тренинг өткізді. Барлық педагогтар қызығушылықпен қатысты. Жаңа оқу жылына әр педагог өзіне серпін алды, тренинг барлық педагогтың көңілінен шықты.
3. Бөбекжай меңгерушісі А.Қ.Ахмет мектепке дейінгі ұйымдарда қауіпсіз жағдайлар жасауға қойылатын талаптарды талдау негізінде қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету бойынша нұсқаулықпен таныстырды.
4. Бөбекжай тәрбиешісі А.Болат Құрметті әріптестер, конференцияға қатысушылар!Бүгінгі тамыз кеңесі — өткен оқу жылын қорытындылап, алдағы кезеңге айқын мақсаттар қоятын маңызды белес. Биылғы басқосуымыздың өзекті тақырыбы — «Конституциялық құндылықтардан білім беру нәтижелеріне дейін: мектеп дамуының жаңа бағдарлары» деп аталуы тегін емес. Білім беру жүйесі тек ақпарат беруші емес, ең алдымен, заң мен құқықты құрметтейтін, саналы әрі жауапты азаматты тәрбиелейтін негізгі институтқа айналуы тиіс.1. Конституциялық құндылықтар — білім берудің негізіКонституция — мемлекетіміздің негізгі заңы ғана емес, ол біздің ұлттық құндылықтарымыздың, теңдік пен әділдіктің кепілі. Мектеп қабырғасында конституциялық құндылықтарды сіңіру дегеніміз — әрбір оқушының бойында келесі қасиеттерді дамыту:Азаматтық жауапкершілік: Өз құқықтарын білу және басқалардың құқықтарын құрметтеу.Отансүйгіштік: Мемлекеттік рәміздерді, тарих пен тілді қастерлеу.Құқықтық мәдениет: Заң үстемдігін түсіну және тәртіпті саналы түрде сақтау.2. Мектеп дамуының жаңа бағдарлары мен трендтеріБүгінгі мектеп тренді — құрғақ фактілерді жаттатудан бас тартып, құндылықтарға негізделген білім беру моделіне (Value-based education) көшу. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы белгілеген басты бағдарлар мынадай:Инфрақұрылым мен қауіпсіздік: «Келешек мектептері» жобасы аясында цифрлық және физикалық қауіпсіз орта құру.Академиялық адалдық: Мұғалім мен оқушы арасындағы сенімділік, бағалаудың ашықтығы.Инклюзивтілік: Әрбір баланың даралығын ескеріп, сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.3. Білім беру нәтижелері: Сапалық көрсеткішКонституциялық құндылықтар тікелей білім беру нәтижелерінен көрініс табуы тиіс. Жаңа оқу жылында біз оқушылардан тек жоғары балл (ҰБТ немесе тоқсандық бағалар) ғана емес, функционалдық сауаттылықты талап етеміз. Білім нәтижесінің жаңа өлшемдері:Сниниғи ойлау (Critical thinking): Ақпаратты талдау, жалған ақпаратты ажырата білу.Әлеуметтік жауапкершілік: Экологиялық мәдениет, волонтерлік және қоғамға пайда әкелу.Коллаборация: Топта жұмыс істей білу, кикілжіңдерді заң мен этика аясында шешу.ҚорытындыҚұрметті ұстаздар!Біздің басты мақсатымыз — мектеп қабырғасынан заңды сыйлайтын, білімді және бәсекеге қабілетті «Тұтас тұлға» қалыптастыру. Мектептің жаңа даму бағдары бізден заманауи әдістерді игеруді және үнемі кәсіби дамуды талап етеді. Конституциялық қағидаттарды білім сапасының негізгі өлшеміне айналдыру — жарқын болашақтың кепілі.
5. Әдіскер К.Максим 2026-2027 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру жүргізді. Презентацияда әр бөлім бойынша ерекшеліктер толықтай айтылды. Жаңа оқу жылында балалардың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу барысында «STEAM» технологиясын қолдануды, онымен қоса балаларға экологиялық білім беру, қауіпсіздік туралы нұсқаулықтар жан-жақты түсіндірілді. Нұсқаулық бойынша аналар, әкелер, әкелер мектебі бойынша кешенді жұмыстар жалғасатынын да айта кетті.
6. Жаңа оқу жылына арналған жылдық жоспардың құрылымы таныстырылып, төмендегі құжаттар бекітілді:
Жылдық жоспар
Оқу жоспарлары
Вариативтік бөлім мазмұны
ҰІӘ кестесі
Перспективалық жоспарлар
Күн тәртібі
---
ҚАУЛЫ ЕТІЛДІ:
1. Қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілсін.
2. 2026–2027 оқу жылына арналған тәрбие-білім беру жұмысының негізгі бағыттары мақұлдансын.
3. Жазғы сауықтыру жұмыстары барысында балалардың денсаулығын нығайту, белсенді демалысын ұйымдастыру және қызықты, мазмұнды іс-шаралар өткізу бағытында атқарған жемісті еңбегі үшін музыка жетекшісі Мұрат Алтынгүл, тәрбиеші Жалғасбек Унаргүл және Күбеева Раушан марапатталсын.
4. Жылдық жоспар, оқу жоспарлары, күн тәртібі, ҰІӘ кестесі, вариативтік бөлім мазмұны бір ауыздан бекітілсін.
5. Әкелер, әжелер және аналар мектебіне жауапты педагогтерді белгілеп бұйрық шығарылсын.
Педагогикалық кеңес төрайымы:
_________ А.К. Ахмет
Хатшы:
_______ А.Хуанар
https://www.instagram.com/reel/DctGWj9MyW8/?srtk=cGRsZ3U4N2M1NWFk

