15.01.2026
Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қоянды ауылының «Ай-Көркем» бөбекжай коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тәрбиешінің уақытша бос лауазымына конкурс жариялайды.
«Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекетік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары № 57 бұйрығына сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (әрі қарай - КММ) тәрбиешінің уақытша бос лауазымына конкурс жариялайды.
Мекен-жайы: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қоянды ауылы, Жібек жолы көшесі 25, индекс 800154, «Ай-Көркем» бөбекжайы КММ
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 12.30-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ға дейін жүзеге асырылады.
Лауазымдық жалақысы: еңбек еткен жылдарына байланысты 160 000 теңгеден басталады.
Құжаттарды қабылдау 16.01.2026 ж. күнінен бастап, 26.01.2026ж. күніне дейін.
Конкурстық комиссия үміткерлердің құжаттарын 27.01.2026 – 29.01.2026 ж. күндері аралығында қарастырады.
Негізгі міндеттері: Кәсіпорын қызметінің мәні мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін, арнайы оқу бағдарламаларын іске асыру болып табылады.
КММ –нің тәрбиешісіне қойылатын талаптар: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық және кәсіптік педагогикалық білімін растайтын құжат.
КММ –нің тәрбиешісіне лауазымдық міндеттері: Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: оларды оқыту мен тәрбие беруде денсаулық сақтайтын технологияларды қолданады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортанын қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу) жетекшілік етеді.
Балалармен жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық әдісін іске асырады.
Дамуында ауытқу байқалатын балалармен түзеу қызметі саласында еңбек ететін мамандармен бірлесе жұмыс жасайды, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып тәрбие-білім беру жұмыстарын жоспарлайды.
Тәрбиелеу мен оқыту қызметін қол жеткен жетістіктерді қорытындылай отырып жоспарлайды.
Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың мектеп жасына жеткенде мүмкіндіктерінің тең дәрежеде болуын қамтамасыз ету үшін бірге тәрбиелеу және оқыту арқылы оларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады.
Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі әрбір баламен жеке жұмыс жүргізеді.
Отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын зерделеумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту барысында ата-аналарға консультативтік көмек беруді іске асырады. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
Білуге міндетті:
• Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;
• психология және педагогика, алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын, санитарлық ережелерді;
• мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық құжаттарын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
• тиісті бейінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе басқа кәсіптік білім немесе қайта даярлау курсынан өткендігін растайтын құжат немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
• Біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-модератор және педагог-сарапшы үшін мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 3 жыл, педагог-шебер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
• Біліктілігі орта деңгейлі болған жағдайда мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі лауазымында жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.
Құжаттар тізімі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) педагогтің уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.
Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы. Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады